Украиналық маман Руслан Қостышин ҚПЛ дебютанты «Ақсу» клубының бас бапкері болып тағайындалады.
Бұған дейін клуб бұл қызметке Испания құрамасының бұрынғы футболшысы Альберт Риераны қарастырған болатын, бірақ онымен қаржылық тұрғыдан келісімге келу мүмкін болмады.
Руслан Костышин «Колосты» (Киев облысы) әуесқойлар чемпионатынан Премьер-лигаға дейін шығарды және еурокубок бәсекесінің тұрақты қатысушысына айналдырды.
«Колос» өткен жылы Конференция лигасының іріктеу кезеңінде «Шахтермен» кездескен болатын. Бірақ қос матчта да гол соғылмады. Ал пенальти сериясында қарағандылық клубтың мерейі үстем болды.
Біздің серіктес: FONBET