Жарнама
Жарнама

«Ақсу» украиналық клубпен тең ойнады

18.02.2022, 15:05
Павлодарлық клубта қаралымда жүрген ойыншылардың есімі белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

«Ақсу» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесуде украиналық «Александриямен» тең ойнады (2:2).

Павлодарлық клуб сапында Максим Марусич пен Еркебұлан Тұңғышбаев гол соқты.

«Ақсу»: Евгений Кучеренко (қ) - Али Гаджибеков, Фейт Обилор, Ұлар Жақсыбаев, Қайрат Жырғалбекұлы - Михаил Бақаев, Жасұлан Қайыркенов, Изат Құлжанов - Асланбек Кәкімов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Максим Марусич;

Қосалқы құрам: Михаил Голубничий (қ) – Павел Баркунов, Гафуржан Сүйімбаев – Анатолий Красотин, Дмитрий Бачек, Айбол Әбікен, Артем Попов – Дамир Марат, Арман Смаилов, Сергей Хижниченко.

«Александрия» Украина Премьер-лигасында 6-шы орында келе жатыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров