Жарнама
Жарнама

«Ақсу» украиналық қақпашымен келісім-шарт жасасты

28.01.2022, 00:38
Жас қақпашы «Ақсудың» бапкеріне жақсы таныс.
Жарнама
Жарнама

«Колостың» 22 жастағы украиналық қақпашысы Евгений Кучеренко жалдау шарты бойынша «Ақсуға» ауысты.

Евгений – донецктік «Шахтер» клубының тәрбиеленушісі. 2017/18 жылғы маусымда жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар Лигасында өнер көрсетіп, онда 3 ойын өткізді.

Кейін ойын тәжірибесін алу үшін Португалияның үшінші лигасында бақ сынайтын «Лейрия» клубына аттанды.

2020 жылы ковалевкалық «Колосқа» ауысып, Руслан Костышиннің басшылығымен Украина Премьер-оигасында дебют жасады. Соңғы жарты жыл бойы Украинаның Бірінші лигасындағы «Подолье» командасында өнер көрсетті.

Қақпашы кезінде Украинаның жастар құрамасына шақырту алған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров