Жарнама
Жарнама

«Ақсу» украиналық шабуылшыға келісім-шарт ұсынуы мүмкін

01.02.2022, 23:59
Футболшы «Волгарь» командасымен болған жолдастық кездесуде (2:2) гол соқты.
Жарнама
Жарнама

28 жастағы украиналық шабуылшы Максим Марусич «Ақсу» клубының оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Футболшы «Волгарь» командасымен болған жолдастық кездесуде (2:2) гол соқты.

Максим Марусич – полтавалық «Ворскланың» түлегі. Ол өз мансабында украиналық «Карпаты», «Горняк-Спорт», «Десна» клубтарында, сондай-ақ Литваның «Лиетава», Латвияның РФШ және «Елгава» клубтарында өнер көрсетті. Соңғы клубы литвалық «Ритерай» болды, ол өткен жылы бұл команда үшін 18 матч өткізіп, 4 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 2020 жылғы маусымда Марусич «Каспийдің» намысын қорғады (10 матч, 1 гол).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров