Жарнама
Жарнама

«Ақсу» жаңадан келген ойыншылардың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

26.01.2022, 00:26
Қос футболшының жалақысы бес миллион теңгені құрайды деген ақпарат тарап еді.
Жарнама
Жарнама

Павлодарлық «Ақсу» командаға жаңадан келген Еркебұлан Тұңғышбаев пен Гафуржан Сүйімбаевтың жалақысы туралы мәлімдеме жасады.

«Кейбір БАҚ беттерінде «Ақсу» клубына жаңадан келген Гафуржан Сүйімбаев пен Еркебұлан Тұңғышбаевтың ай сайынғы жалақысы бес миллион теңгені құрайтын туралы ақпарат тарады.

«Ақсу» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Келісім-шартқа қол қою кезінде клуб қатаң түрде 2022 жылғы маусымға бекітілген бюджет аясында әрекет етеді», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.