Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе-1994» халықаралық жарыста жеңіспен оралды

15.11.2011, 00:11
Жарнама
Жарнама

Тараз қаласында өткен бәсекеге он екі команда қатысып, екі топқа бөлінді. Ақтөбе командасымен бір топта тараздық екі ұжым – СДЮСШОР №1, ОСДЮСШОР №5, «Балқаш», сондай-ақ, Өзбекстанның Наманган қаласынан келген «Новбохор» және қырғыздың Кант қаласынан келген «Дордой» клубтары болды. «Ақтөбе-1994» барлық ойында қарсыласынан басым түсті. Алдымен «Новбохорды» 2:1 есебімен тізе бүктірсе, кейін жергілікті ОСДЮСШОР №5 командасын бір доп айырмашылығымен жеңді. «Дордой» қақпасына жауапсыз екі доп енгізсе, «Балқашты» үш мәрте ойынды ортадан бастауға мәжбүр етті. Топтық кезеңнің соңғы ойынында тағы бір жергілікті ұжым СДЮСШОР №1-мен ойнап, 2:1 есебімен басымдық танытты.

Осылайша финалға жолдама алған ақтөбеліктер ақтық сында «Тараз» командасымен ойын өткізді. Есеп – 1:0. «Ақтөбе-1994» клубына жеңіс сыйлаған Абат Айымбетовтың жалғыз голы. «Ақтөбе-1994» турнирдегі жеңісі үшін кубок пен дипломға ие болды. Сонымен қатар, «Ақтөбе1994» капитаны Қуаныш Орынтаев жарыстың үздік қорғаушысы атанды. Бұл жарыста «Ақтөбе-1994» төмендегідей құрамда өнер көрсетті: Альберт Дедусев, Талғат Истеков, Қуаныш Орынтаев, Әнуар Бәсенов, Нұрбол Жұмашев, Әнуар Башбаев, Дмитрий Кальянов, Бекнар Мұхамбетқалиев, Абылай Оңгарбаев, Саламат Әбілхайыр, Роман Бандурко, Рахат Теміралин, Ерназар Қазбек, Әділет Қыздарбаев, Ахат Алашбай, Абат Айымбетов, Жарқынбек Құлмұратов, Ағзам Сәрсенбаев, Ақниет Сахман. Бас бапкері – Андрей Борисович Михалев.

Есет Төлеш,

Ақтөбе қаласы

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров