Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» алты ойыншысымен келісімшартты ұзартты

07.02.2021, 04:04
Аталған ойыншылардың барлығы дәл осы клубтың түлегі болып табылады.
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" футбол клубы негізгі командада ойнайтын алты тәрбиеленушісімен еңбек келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Бүгін, 6 ақпанда Түркияда Рустам Темирхан, Алишер Әжімов, Есен Жасанов, Әділхан Таңжарықов, Максим Самородов және Ардақ Сәулет жаңа келісімшартқа қол қойды.

Олардың әрқайсысы футбол орталығында көп жылдар бойы еңбектеніп, негізгі командада өнер көрсетуге мүмкіндік алған болатын. "Ақтөбе" алдағы уақытта Дидар Жалмұқан және Еркебұлан Нұрғалиевпен келісімшартқа отыратынын мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров