Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ротор" мен Армения құрамасының 26 жастағы қорғаушысы Армен Манучарян "Ақтөбемен" келіссөздер жүргізіп жатыр.
Еревандық "Бананц" клубының тәрбиеленушісі өткен жылға дейін тек Арменияда өнер көрсетті. 2020 жылдың жазында ол волгоградтық "Ротордың" ойыншысы болып, РПЛ-да жеті матч өткізді.
8 ақпанда клуб футболшымен өзара мәміле бойынша келісімшартты бұзды. Ол Арменияның жастар құрамасында өнер көрсеткен. Және өз елінің негізгі командасы үшін екі матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET