Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» «Астана» қызығушылық танытқан шабуылшыға көз тікті

14.02.2021, 22:34
Шабуылшы өз елінің құрамасына үнемі шақырту алады.
Жарнама
Жарнама

Өзбекстан құрамасы мен "Пахтакор" клубының шабуылшысы Игорь Сергеев "Ақтөбе" клубының назарына ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ақтөбенің" бас бапкері Алексей Бага Сергеевті шабуыл шебін күшейтетін ойыншы ретінде көреді. Қазір клуб шабуылшының агентімен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Сергеевке елордалық "Астананың" қызығушылық танытқаны туралы ақпарат пайда болған еді.

27 жастағы шабуылшы соңғы екі маусым бойы "Пахтакор" клубында өнер көрсетті. Ойыншы Өзбекстан құрамасында 53 матч өткізіп, 17 гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров