"Ақтөбе" футбол клубы Бірінші лиганың 3-туры аясында Қызылордалық "Байқоңырды" ірі есеппен жеңді. Матч Шымкенттегі Биік стадионында өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.
Матч бастала салысымен "Ақтөбе" ойын тізгінін өз қолдарына алды. Алғашқы шабуылдың өзінде-ақ гол соғып кетті. Бұл голды Чернышов 24-секундта салды. Кездесудің 24-минутында Джорджевич қақпашымен жеке-дара шығып, есепті еселеді. Ал 41-минутта Прокопенко командасының үшінші голын соқты.
"Ақтөбе" екінші таймда да тоқтап қалмады. 61-минутта Джорджевич дубль авторы атанса, 88-минутта Рифат Нурмухамет бесінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.
Бұл жеңістен кейін "Ақтөбе" 4 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Бірде-бір ұпайы жоқ "Байқоңыр" соңғы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET