Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» «Барселона» шабуылшысын сатып алуы мүмкін

05.08.2021, 01:48
Бірақ «Ақтөбе» шабуылшыға үміткерлер тізімінде үшінші орында тұр.
Жарнама
Жарнама

«Барселона» мен Албания ұлттық құрамасының 24 жастағы шабуылшысы Рей Манай «Ақтөбе» клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы «Ақтөбе» командасының басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев жанкүйерлермен болған кездесуде айтты.

«Біз «Барселона» өкілдерімен сөйлестік, олар келісті. Шын сөзім – мен сенбедім. Шарттар бойынша келіссөздер басталды. Мен ғаламтор арқылы тексеріп отырамын және «Бетис» оны 5 миллион еуроға сатып алғысы келетінін жазады. Оның агентіне қоңырау шалып «Қайдағы 5 миллион еуро? Ол бізде қалай ойнайды?» деп сұрадым. Ол маған «Ақтөбе» олардың тізімінде үшінші орында екенін түсіндірді. Алдымен «Маккаби», содан кейін португалиялық команда, содан кейін біз. Ол израильдік командаға ауысуы мүмкін, бірақ аталған екеуімен келіссөздер сәтсіз өтсе, Манай бізге ауысады. Бірақ бұл екіталай», – деді Ерлан мырза.

Манай «Барселона Б» сапына 2020 жылдың қаңтар айында ауысып келді. Сегунда Б-ның ағымдағы маусымында 15 ойын өткізіп, сегіз гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров