"Ақтөбе" Бірінші лиганың соңғы турында "Алтай" командасынан жеңіліп қалды. Павлодардағы Орталық стадионда өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.
"Ақтөбе" бұл ойында жеңілгеніне қарамастан өз тобында бірінші орынды иеленіп, Премьер-лигаға жолдама алды. Осылайша, "Ақтөбе" Бірінші лигадағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Зеленовский шәкірттері 12 ойынның тоғызында жеңіске жетіп, екі рет тең ойнаған.
Ал Семейлік ұжым өз кезегінде 9 ұпаймен соңғы орында иеленді.
Біздің серіктес: FONBET