"Ақтөбе" футбол клубы Бірінші лиганың 7-турында Семейлік "Алтай" командасынан басым түсті. Шымкенттегі Биік стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды.
Ойынның алғашқы таймында гол көре алмадық. "Ақтөбе" ойыншысы Андрей Часовских матчтың 70-минутында есеп ашты. Ал 83-минутта Виталий Волков тікелей айып добынан гол соғып, матчтың нүктесін қойды.
Үш ұпай еншілеген "Ақтөбе" 14 ұпаймен өз тобында көш бастады. "Алтай" болса 5 ұпаймен бесінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET