Шина деген атпен танымал бразилиялық шабуылшы Рожерио дос Сантос Алвес «Львов» командасынан «Ақтөбеге» ауысты.
Украиналық клубтың ресми сайты 25 жастағы бразилиялық футболшыны қазақстандық команда 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалға алғанын хабарлады.
Осы маусымда Шина «Львов» сапында 16 матч өткізіп, екі гол соқты. Өткен жылдың наурыз айында шабуылшы «Шахтерді» (Донецк) жеңуге көмектескеннен кейін (гол соғып, нәтижелі пас берді) УПЛ-да айдың үздік ойыншысы атанған болатын.
«Ақтөбе» бразилиялықтың кәсіби мансабындағы «Карпаты» мен «Львовтан» кейінгі үшінші клубы болмақ.
Біздің серіктес: FONBET