Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» бұрынғы ойыншысын қайтарып алды және ресейлік жартылай қорғаушымен толықты

08.08.2021, 00:16
Бірі тәжірибелі шабуылшы болса, екіншісі жас ойыншы екен.
Жарнама
Жарнама

Ақтөбе 33 жастағы қазақстандық шабуылшы Игорь Зеньковичпен және 20 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Никита Лактионовпен келісім-шартқа отырды. Екі ойыншы да ҚКФЛ ресми сайтындағы "Ақтөбенің" құрамына енгізілді.

Игорь Зенкович - БАТЭ клубының түлегі. Ол сонымен қатар белоруссиялық "Неман", "Химик", "Дарида", "Динамо" және "Днепр" клубтарында ойнады. 2012 жылдан бері Қазақстан чемпионатында "Ақжайық", "Шахтер", "Тобыл", "Тараз", "Ақтөбе", "Атырау" және "Қайсар" командаларының намысын қорғады. Өткен маусымда ол "Қызыл-Жар" сапында небәрі 3 матч өткізді.

Никита Лактионов - мәскеулік ЦСКА академиясының түлегі. Ол Ресейдің төменгі дивизионындағы "Мастер-Сатурн" мен "Строгино" спорт мектебінің командасында ойнады. Ойыншы 2019 жылдың жазынан бері "Родина Мәскеу" клубында доп тепті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров