Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» екі легионерге жаңа келісім-шарт ұсынбады

10.01.2022, 19:08
Екі футболшы да өткен маусымда негізгі құрамнан ойып тұрып орын алған еді.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» екі легионер футболшымен келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Тонго Думбия - Францияда туған малилік футболшы. Эрвейн Мукам Камерунда дүниеге келген, бірақ кейінірек Францияға қоныс аударған. Екі ойыншы да «Ақтөбеде» бір маусым ғана өнер көрсетті.

Думбия 19 матчқа қатысып, бірнеше рет команданы капитан ретінде алаңға бастап шықты. Ал Мукам 25 матч өткізіп, 4 гол және 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров