Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» франциялық шабуылшыны қатарға қоспақ

28.12.2021, 22:27
Шабуылшы екі маусым қатарынан Литва чемпионатының үздік сұрмергені атанды.
Жарнама
Жарнама

Франциялық шабуылшы Уго Видемон мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады. Бұл ақпаратты Vesti.kz сайтына берген сұхбатында ойыншының агенті Нордин Сэм растады.

28 жастағы шабуылшының литвалық «Жальгириспен» келісім-шарт мерзімі аяқталды, ол «Ақтөбеге» еркін агент ретінде ауысады. 

Бір қызығы, Видемон өткен қыста «Ақтөбе» ойыншысы атануы мүмкін еді, бірақ қазақстандық клуб «Жальгириспен» трансфер туралы нақты мәмілеге келе алмады.

Франциялық шабуылшы екі маусым қатарынан (2020 және 2021) «Жальгирис» сапында тиісінше 13 және 17 гол соғып, Литва чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Бұған дейін Видемон бельгиялық «Тюбиз», польшалық «Висла Краков», франциялық «Аяччо» және «Клермон» командаларында өнер көрсеткен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров