«Шахтер» Қазақстан Премьер-лигасының он алтыншы турында «Ақтөбені» қабылдады. Матч Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өтіп, 2:3 есебімен аяқталды.
Кездесудің 12-минутында Тимур Досмағамбетов пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста Роман Мұртазаев ойындағы екінші голды соқты. 54-минутында Әлібек Қасым да пенальти тебу құқығына ие болып, мүмкіндігін мүлт жібермеді. 75-минутта қосалқы құрамнан алаңға шыққан Жерар Гоу таразы басын теңестірді. Он минуттан кейін Уго Видемон жеңіс голын соқты.
Қазақстан Премьер-лигасы, 16-тур
«Шахтер» – «Ақтөбе» – 2:3
«Шахтёр»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Тимур Досмағамбетов, Джордже Чосич, Иван Граф, Михаил Габышев – Роджер Каньяс, Стефан Букорац, Абылайхан Назымханов, Петрос Аветисян (Александр Позняк 56) – Роман Мұртазаев, Тохтар Жаңғылышбай (Айдос Тәттібаев 89);
«Актөбе»: Стас Покатилов (қ) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов (Юрий Логвиненко 53), Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (Жерар Гоу 72) – Артурас Жулпа (К), Йоахим Адукор, Рамазан Оразов – Уго Видемон, Рожерио Шина, Сердер Сердеров;
Біздің серіктес: FONBET