«Ақтөбе» грузиялық футболшымен толықты

09.07.2021, 05:06
Футболшы осы маусымда 12 матчқа қатысып, 2 гол соғыпты.

26 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Заза Цицкишвили "Ақтөбемен" келісім-шартқа отырды.

Заза өзінің футболдағы мансабын бастаған "Металлург Рустави" командасында бастады. 2015 жылдан 2019 жылға дейін ол "Рустави" сапында 101 матч өткізіп, 24 гол соқты.

2019 жылы ол "Торпедо Кутаиси" клубы үшін 34 ойын өткізіп, 4 мәрте мергендігімен көзге түсті. Осы маусымда "Телави" командасының жейдесінде 12 ойынға қатысып, 2 гол соқты.

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.