"Ақтөбе" Бірінші лиганың 13-турында "Арыс" командасын минималды есеппен жеңді. Матч Павлодардағы Орталық стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды 37-минутта "Ақтөбе" ойыншысы Бобан Джорджевич соқты.
"Ақтөбе" осы жеңістің арқасында 29 ұпаймен бірінші орында қала берді. "Арыс" 18 ұпаймен үшінші орынды қанағат тұтты.
Біздің серіктес: FONBET