Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» клубы академия салу туралы шешім қабылдады

19.02.2022, 15:24
Құрылыстың қашан басталатыны және бөлінген бюджет мөлшері белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылдың 15 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес, қалада «Ақтөбе» футбол клубындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа академияның құрылысы басталады.

Аталмыш жобаға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп қойған екен. Академия салуға 3,2 миллиард теңге кетеді деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары көктем айында басталады. Ал қыркүйекте ресми түрде ашылу салтанаты өтеді деген жоспар бар.

Академияда толық көлемдегі жабық алаң, ашық алаң, жүгіру жолағы және заманауи спорт зал, киім ауыстыратын бөлмелер, асхана және баспасөз мәслихатына арналған зал болады. Кешен барлық заманауи талаптарға сай салынбақ және ауа райы жағдайына қарамастан жыл бойына дайындалуға мүмкіндік береді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров