Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» клубы бас бапкердің жалақысы туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды

04.10.2021, 23:50
Әлеуметтік желілерде Мұхановтың жалақысы 25 мың долларды құрайтыны айтылып еді.
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде айтылып жүрген Владимир Мұхановтың жалақысы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Кейбір бұқаралық және бұқаралық емес ақпарат құралдарында "Ақтөбе" ФК бас бапкері Владимир Мұхановтың жалақысы айына 25 мың долларды құрайды деген хабар тарады.

«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Бас бапкердің еңбекақысы көрсетілген сомадан бірнеше есе төмен. Алайда еңбек шартының құпиялылығын сақтау мақсатында Мұхановтың табысын нақты жариялау әдептілікке жатпайды деп есептейміз", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров