Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ақтөбе" Премьер-лигаға оралғаннан кейін, өз алаңында өскен футболшыларға сенім артуға ниетті.
Клубтың назарына қыста "Қайсарға" ауысып барған әмбебап қорғаушы Бағдат Қайыров ілінді. Осы маусымда ол команданың негізгі ойыншысы атанды және ҚПЛ-де 17 матч өткізді.
"Ақтөбенің" келесі маусымдағы міндеттерінің бірі - еурокубокқа жолдама алу. Осы мақсатқа жету үшін белгілі беларусь маманы Алексей Бага да шақыртылған болатын.
Қайыров жас кезінен бастап "Ақтөбеде" ойнады, тек 2015 жылы ғана жалдау шарты бойынша басқа клубқа ауысты. Ол кезде қорғаушы Бірінші лигада "Каспий" құрамында 19 матч өткізген еді.
Біздің серіктес: FONBET