Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» литвалық қорғаушы мен ресейлік қақпашыны қатарға қосты

15.04.2021, 04:22
Бас бапкер Нарзиқұловқа бәсекелес тауып берді.
Жарнама
Жарнама

Литва ұлттық құрамасының ойыншысы Артурас Жулпа «Ақтөбе» командасымен келісім-шартқа отырды.

Жулпа «Ақтөбе» жанкүйерлеріне жақсы таныс. 2015 жылы Артурас осы команда жейдесінде 30 матч өткізді. «Ақтөбеден» кейін Жулпа «Тобыл» мен «Жетісу» сапында өнер көрсетті. 

Жулпа – әмбебап ойыншы. Артурас артқы жартылай қорғаушы ретінде, сондай-ақ орталық қорғаушы ретінде ойнай алады. Дәл қазіргі «Ақтөбенің» қорғаныс шебі соңғы уақытта жаттықтырушылар штабының алаңдаушылығын тудырған болатын. Клуб Жулпаны қатарға қосу арқылы қорғаныстағы барлық маңызды мәселелерді шешкісі келеді.


Мәскеулік ЦСКА-ның бұрынғы қақпашысы Сергей Ревякин «Ақтөбе» клубымен келісім-шартқа отырды.

Сергей «Смена» спорт мектебінің түлегі, бірақ жас кезінде ЦСКА мектебіне ауысады. 2011 жылы махачкалалық «Анжимен» болған кездесуде ол ЦСКА-ның негізгі командасында дебют жасады. Ревякиннің соңғы клубы - еревандық «Арарат» клубы. Қақпашы Ресейдің жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров