"Ақтөбе" футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионатының екінші турында қостанайлық "Тобылмен" кездесті. Матч Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда қос команда да гол соға алмады. 54-минутта Әлішер Әжімовтың пасын сәтті пайдаланған Игорь Сергеев "Ақтөбені" алға шығарған болатын. Бірақ 71-минутта Руслан Валиуллин таразы басын теңестірді. Матч соңына дейін қос командада да керемет мүмкіндіктер болғанымен, есеп өзгеріссіз қалды.
Үш ұпайы шегерілген "Ақтөбе" турнирлік кестенің ең соңғы орынында тұр. Ал қостанайлық ұжым 4 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET