56 жастағы беларусь маманы Виктор Тарчило «Ақтөбе» МФК бас бапкері қызметінен кетті.
Виктор Тарчило «Ақтөбені» былтыр қыркүйекте қабылдаған еді. Оның жетекшілігімен команда ел біріншілігінде екінші, ал плей-оффта төртінші орын алды. Сонымен қатар, тарихта бірінші рет команда футзалдан Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына шықты, бірақ словениялық «Добовец» командасынан жеңіліп қалды.
Маман туған жері Белоруссияға оралып, «УВД-Динамо» командасын тізгіндеді.
Біздің серіктес: FONBET