Түркия елінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері «Ақтөбе» ресейлік «Мордовиямен» жолдастық кездесу өткізіп, тең тарқасты.
«Мордовия» сапында бірнеше негізгі ойыншы алаңға шыққан жоқ. Дегенмен бұның өзі ресейліктерге бірінші болып есеп ашуға кедергі бола алмады. Ал Владимир Газзаев шәкірттері матчтың соңғы жағында ғана таразы басын теңестіре алды. Қорытынды есеп – 1:1.