«Ақтөбе» ойыншылары команда басшылығы тарапынан жағымды жаңалық естіді

06.02.2023, 01:37


"Ақтөбе" клубының директорлар кеңесінің төрағасы Болат Мажағұлов футболшылар алдындағы берешекті ақпан айының орта беліне дейін жабуға уәде берді.

Бұл туралы ол өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Бұған дейін, "қызыл-ақтардың" ойыншылары бірнеше айлар бойы жалақыдан жұрдай болдық деп шағым айтып еді.