Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» ойыншысы екі матчтан шеттетілді

19.05.2022, 19:18
Футболшы өткен ойында қызыл қағаз алған еді.
Жарнама
Жарнама

2022 жылдың 18 мамырында ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

Премьер-Лига, 11 тур

«Атырау» – «Қызыл-Жар»

Тәртіптік регламенттің 63-бабының 1-тармағына сәйкес матчтың төрешісіне балағат сөздер айту арқылы көрсетілген көрермендердің жөнсіз мінез-құлқы үшін «Атырауға» 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Клуб айыппұлды 2022 жылдың 18 маусымына дейін төлеуі тиіс.

Сондай-ақ қызметкерлердің, бөгде тұлғалардың алаңға кіруіне мүмкіндік беріп, ойынды ұйымдастыру талаптарын сақтамағаны үшін және матчтың ресми тұлғаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін Тәртіптік регламенттің 61.62-бабына сәйкес «Атырау» 150 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

«Ақтөбе» – «Тобыл»

Дөрекі ойын үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Ақтөбе» командасының ойыншысы Арман Кеңесов екі кездесуге қатысу құқығынан айырылады. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 17 мамырынан бастап есептеледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров