"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының он үшінші туры аясында "Тұранды" қабылдады. Қобыланды батыр стадионында өткен матчта түркістандық клуб 0:2 есебімен жеңіске жетті.
"Тұран" сапында команда капитаны Шынболат Мақсымхан қорғаушылардың қателігін өз пайдасына жаратып, есеп ашты. Екінші гол соғылар сәтте де "Ақтөбе" қорғаушылары оңбай қателесті. Бұл жолы Таңат Нөсербаев көзге түсті.
Түркістандық клуб бұл ойыннан кейін 15 ұпаймен турнирлік кестеде "Ақтөбені" артқа тастады. 13 ұпайы бар "Ақтөбе" он бірінші орынға табан тіреді
Біздің серіктес: FONBET