Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеев "Ақтөбе" ФК-мен келісімшартқа отырды!
Соңғы екі маусым бойы шабуылшы өзбекстандық "Пахтакорда" ойнады. 2013 жылдан бастап ол өз елінің ұлттық құрамасына үнемі шақыртылып келеді. Өзбекстан құрамасы үшін 53 матч өткізіп, 17 гол соқты.
Естеріңізге сала кетейік, Игорь Сергеевке елордалық "Астана" клубы да қызығушылық танытқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET