Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» польшалық клубпен тең тарқасты

06.02.2022, 16:36
«Ақтөбенің» екі ойыншысы қызыл қағаз алды.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесуде польшалық «Заглембе» командасымен тең түсті. Матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 31-минутында Дмитрий Шомко алаңнан қуылды. 61-минутта Максим Самородов гол соқты. Ал бес минуттан кейін Әлібек Қасым қызыл қағаз алды.

«Ақтөбе»: Саша Стаменкович (қ) – Дмитрий Шомко, Рустам Темірхан, Юрий Логвиненко (к), Артурас Жулпа, Әділхан Таңжарықов – Йоахим Адукор, Никита Маляров – Уго Видемон, Виталий Балашов, Рожерио Шена

Айта кетейік, Польша бірінші лигасының биылғы маусымында «Заглембе» 14-ші орында келе жатыр.

Владимир Мухановтың шәкірттері келесі матчын 8 ақпанда польшалық «Корона» командасына қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров