Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының екі ойыншысына қызығушылық танытуда

15.12.2021, 15:27
Владимир Мұханов жастарға сенім артпақшы.
Жарнама
Жарнама

Қорғаушы Әлібек Қасым мен шабуылшы Оралхан Өміртаев «Ақтөбенің» трансферлік тізіміне енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Ақтөбе» қазақстандық жас ойыншыларды мұқият бақылап отыр. 23 жастағы форвардтың ауысу мүмкіндігі жоғары деп бағаланса, Қасымның «Ақтөбе» келуі «Қызыл-Жармен» келісім-шартына байланысты қиын болып көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесовпен келісім-шартқа отырған болатын. Сондай-ақ ресейлік клубтардың назарына іліккен ең үздік жас ойыншылардың бірі Максим Самородовты командада сақтап қалуды көздеп отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров