Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын қатарға қосты

13.07.2021, 22:21
«Ақтөбе» Ресейде ойнаған отандық футболшыларымызды біртіндеп қайтаруда.
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" Қазақстан ұлттық құрамасының 23 жастағы жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовпен келісім-шартқа отырды.

Рамазан - 2018 жылы Қазақстан Кубогін жеңіп алған алматылық "Қайраттың" түлегі. 2020 жылдың басында ол латвиялық "Даугавпилске" ауысқан еді.

2020 жылдың жазында ресейлік "Чайка" клубымен келісім-шартқа отырды. ФНЛ-де 12 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берген.

Оразов 2021 жылы наурыз айында Қазақстан құрамасына шақырту алды. 31 наурызда ол ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін Украинаға қарсы матчта өткізді (1:1).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров