Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» қазақстандық футболшымен қош айтыспақ

01.11.2021, 15:33
Бұл футболшы Владимир Мұхановтың жоспарына енбеген секілді.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Федин "Ақтөбеден" кетуге жақын, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ақтөбенің" бас бапкері Владимир Мұханов команданы жаңартқысы келеді. Сондықтан Федин мансабын басқа клубта жалғастырады деп күтілуде.

25 жастағы футболшы осы маусымда 24 матч өткізіп, екі гол соқты, үш нәтижелі пас берді. Сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір ойынға қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен қыста Федин "Урал" клубында қаралымында болған еді, бірақ ресейлік клуб футболшыдан бас тартты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров