Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» қорғаушылардың соққан голының арқасында жеңіске жетті

03.10.2021, 03:00
«Ақтөбе» еурокубок аймағына жақындай түсті.
Жарнама
Жарнама

"Қайсар" Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында "Ақтөбемен" күш сынасты. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 56-минутында Дмитрий Шомконың сол қапталдан пасынан кейін Темірлан Ерланов баспен гол соқты. Ал 92-минутта Максим Фединнің пасын ұтымды пайдаланған команда капитаны Юрий Логвиненко "Қайсар" қақпашысын қапыда қалдырды.

Кезекті жеңісіне қол жеткізген Владимир Мұханов шәкірттері 30 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. "Қайсар" 16 ұпаймен он үшінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров