Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» Ресей құрамасының экс-футболшысымен келіссөздер жүргізуде

26.02.2022, 19:26
Футболшы қаңтар айынан бері клубсыз жүр.
Жарнама
Жарнама

Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Руслан Камболов мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.

Матч ТВ арнасының хабарлауынша, еркін агент ретінде жүрген 32 жастағы жартылай қорғаушы «Ақтөбемен» келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қаңтар айында Камболов «Арсенал Туламен» келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған болатын. Ол осы маусымда небәрі 5 матчқа қатысып, нәтиже көрсете алмады.

Камболов «Рубин», «Краснодар» және «Локомотив» командаларының намысын қорғаған. Ол Ресей құрамасының жейдесінде 6 ойын өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров