Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» ресейлік қорғаушыға қызығушылық танытуда

27.11.2021, 22:34
Ақтөбелік клуб «Шахтердің» қорғаушысын да бақылап отыр.
Жарнама
Жарнама

«Нефтехимик» клубының қорғаушысы Максим Шоркин қазақстандық «Ақтөбе» клубының трансферлік тізімін енді.

Metaratings.ru сайтына белгілі болғандай, «Ақтөбе» Шоркиннен бөлек, қарағандылық «Шахтердің» 34 жастағы қорғаушысы Андрей Буйволовтың кандидатурасын да қарастырып жатыр.

ФНЛ-дің ағымдағы маусымында Шоркин 23 кездесу өткізіп, төрт гол соқты. «Нефтехимик» клубына ауысқанға дейін футболшы Мәскеудің «Торпедосында» ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров