Хорватиялық «Истраның» 28 жастағы ресейлік шабуылшысы Сердер Сердеров «Ақтөбеге» ауысты, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.
Дереккөздің мәліметінше, футболшы «Ақтөбе» клубында маусымның соңына дейін жалдау шарты бойынша өнер көрсетеді.
Сердер Сердеров – «Анжи» командасының түлегі. Ресейде ЦСКА, «Урал», «Крылья Советов» және «Енисей» командаларының намысын қорғаған. Сондай-ақ болгариялық «Славия», польшалық «Краковия», хорватиялық «Интер» және венгриялық «Мёзёковесд» клубтарында доп тепті.
Жалпы Сердеров мансабында 243 матч өткізіп, 48 гол мен 19 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET