Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» «Рубиннің» бұрынғы қақпашысымен келіссөздер жүргізуде

10.03.2021, 16:31
Қақпашы «Ақтөбенің» ұсынысын қабылдағысы келмейді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, ресейлік қақпашы Сергей Рыжиков "Ақтөбемен" командасымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Кеше 40 жастағы футболшы "Тамбовтан" кететінін мәлімдеді. Басты себептердің бірі - клубтың қаржылық мәселелері. Футболшылар бес айдан бері жалақыларын ала алмай келеді.

Рыжиковтың "Ақтөбеге" ауысу ықтималдығы жоғары емес. Қақпашы мансабын аяқтағысы келеді. Қазақстандық клуб команда капитаны Жасур Нарзиқұловқа бәсекелес іздеуде.

Сергей Рыжиков "Рубин" қақпасын он жыл бойы қорғады, ол клубпен бірге Ресейдің екі дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ ол ұлттық құрамада бір матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров