Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» сапында үш футболшы қаралымнан өтуде

05.02.2021, 02:11
Үшеуі де шетелдік ойыншылар.
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбенің" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына үш жаңа ойыншы қосылды. Қорғаушы Лаша Тотадзе, жартылай қорғаушы Апти Ахьядов және қақпашы Сергей Литовченко қаралымнан өтетін болады.

32 жастағы грузиялық қорғаушысы Лаша Тотадзе - "Динамо Тбилисидің" түлегі. Тотадзе мансабының негізгі кезеңін "Динамо", "Сиони", "Дила" сияқты командаларда өткізді. Лаша өткен маусымды грузиялық "Сабуртало" клубында өткізіп, сегіз матчта екі рет гол соқты. Ол Грузияның U19 және U21 жастар құрамасында ойнады. Бірнеше рет елдің ұлттық құрамасына шақыртылды.


27 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Апти Ахьядов - ресейлік "Терек" клубының түлегі. Ол сондай-ақ "Спартак-Нальчик" және "Анжи" клубтарында ойнады. Өткен маусымда "Томь" командасында доп тепті. Бірнеше рет өз елінің жастар құрамасына шақырылды.


Украиналық қақпашы Сергей Литовченко "Ақтөбеге" "Львов" клубынан қосылды. Сергей - "Арсенал Харьков" клубының түлегі. 33 жастағы қақпашы украиналық "Олимпик", "Черноморец", "Вольны" командаларында өнер көрсетті.

Футболшылар қазірдің өзінде командамен бірге жаттығуда, және келесі бақылау ойындарына қатысуы әбден мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров