Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» сербиялық қақпашымен толықты

01.03.2022, 00:35
37 жастағы қақпашы бұған дейін де Қазақстанда доп тепкен.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» футбол клубы сербиялық қақпашы Саша Стаменковичпен келісім-шартқа отырды.

37 жастағы қақпашы жаңа командада 20-шы нөмірмен өнер көрсететін болады.

Лесковац қаласының тумасы өз отанындағы беделді «Црвена Звезда», «Раднички» және «Напредак» клубтарының құрамында доп теуіп, Сербия чемпионатының күмісі мен қоласын жеңген. Сондай-ақ әзірбайжандық «Нефтчи» мен «Сабах» командаларында ойнап, аталмыш елдің екі дүркін чемпионы атанған.

Бойы 1,93 метрді құрайтын Стаменкович кезінде Сербия жастар құрамасының намысын қорғаған. Көкшетаулық «Оқжетпес» сапындағы сәтті ойынымен қазақстандық жанкүйерлердің жадында қалған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров