Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» сербиялық шабуылшымен келісім-шартты бұзды

13.07.2021, 03:49
Боян 15 матчта небәрі 3 гол соқты.
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" 30 жастағы сербиялық шабуылшы Боян Дубайичтің командадан кететіні туралы хабарлады.

Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Дубайич "Ақтөбеге" осы жылдың ақпан айында қосылған еді. Ол "Ақтөбе" жейдесінде 15 матч өткізіп, 3 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Дубаийч 2019 жылдан бері белоруссиялық БАТЭ клубының намысын қорғаған еді. Оны "Ақтөбеге" бас бапкер болып тағайындалған Алексей Бага аттай қалап алдырған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров