Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» сербиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

08.02.2021, 01:08
Бага шабуылшының мүмкіндіктерін жақсы біледі
Жарнама
Жарнама

30 жастағы сербиялық шабуылшы Боян Дубайичич "Ақтөбе" клубымен келісімшартқа отырды.

Боян Дубайичич "Ақтөбе" клубының қазіргі бас бапкеріне жақсы таныс. Дәл осы Алексей Баганың басшылығымен ол беларуссиялық БАТЭ-нің көшбасшы ойыншысына айналды.

Дубайчич өзінің мансабын "Инджия" командасында бастады. Содан кейін "Раднички", швейцариялық "Лугано" және "Ле Монт" командаларында ойнады. 2017 жылы Боян беларуссиялық "Городеямен" келісімшарт жасасты. Екі маусым бойы Дубайичич 45 ойынға қатысып, 22 гол соқты. Оның сәтті ойыны назардан тыс қалмады, 2019 жылы шабуылшы елдің тұрақты чемпионы - БАТЭ клубына ауысты.

Дубайчич Алексей Баганың басшылығымен ел чемпионатында және еурокубоктерде маңызды голдар соғып, өзінің ойын әлеуетін барынша ашты. Боян қарсыластар қақпасына керемет соққы жасап қана қоймай, серіктестеріне де жиі көмек көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров