Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» сырт алаңда «Ордабасыдан» басым түсті

19.06.2021, 04:51
Матчтан кейін шымкенттік клубтың жанкүйерлері клуб президенті Бақтияр Байсейітовтің қызметінен кетуін талап етті.
Жарнама
Жарнама

"Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының он алтыншы туры аясында "Ақтөбені" қабылдады. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 0:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 81-минутта Юрий Логвиненко соқты. Ол Максим Самородовтың бұрыштамадан асырған пасын голға айналдырды. Осылайша, Вахид Масудов "Ақтөбе" сапында өткізген алғашқы екі кездесуінде де жеңіске жетті.

Шымкенттік клуб бұл ойыннан кейін 21 ұпаймен жетінші орынға табан тіреді. "Ақтөбе" 19 ұпаймен оныншы орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров