"Ақтөбе" тараптардың өзара келісімі бойынша 24 жастағы жартылай қорғаушы Демият Сламбековпен келісім-шартты бұзатынын мәлімдеді.
Сламбеков "Ақтөбе" сапында 2020 жылдан бері ойнап жүр және өткен жылы Бірінші лиганың жеңімпазы атанды. Ал осы маусымда небәрі 5 матчқа қатысты.
Қазақстанда ол "Оқжетпес", "Бәйтерек", "Жетісу" командаларында ойнады. Литваға кеткеннен кейін, ол "Стумбрас" (8 ойын, 3 гол) және "Хегельманн Литауэн" (15 ойын, 3 гол) командаларының намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET