Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" тек биік үдеден көрінуі тиіс

30.03.2011, 21:42
Жарнама
Жарнама

Көптен күтіп, сағынышпен жеткен Қазақстанның кезекті чемпионаты да басталғанына көп уақыт бола қоймады. Бірақ осы уақыттың өзі командалардың шабысын байқап, тануға жеткілікті. Бүгінге дейін Қазақстан Республикасының XX чемпионатының үш туры өтті. Әзірше "Ақтөбе" ұпайдан шашау шығармай, көш бастап келе жатыр. Әдеттегідей биылғы біріншілікке "Ақтөбе" Түркияның Анталия қаласында дайындық жаттығуларын өткізіп, трансфер уақытын ұтымды пайдалана алды.

Иә, биыл "Ақтөбе" сапында мықты ойыншылар жасақталды. Былтыр "Тобылдың" қатарында ел чемпионы атанған Д.Мұқановты, "Атыраудан" Р.Сахалбаевты сатып алып, өз құрамын қазақ футболшылармен толықтырды. Және шет елден легионерлерді де сатып алуды ұмыт қалдырмады. Норвегияның "Сандефьорд" командасынан сенегалдык Малик Манені, Тринад жане Тобоғалық "Сан Хуан Яблотех" командасынан жас ойыншы Роберт Примусты сатып алды. Биыл Қазақстан чемпионатында Испания ойыншысы да ойнайтын болады. Бұл қазақ футболында орын алған ең ірі жаңалық болды. "Ақтөбе" құрамына Кипрдің "АЕП" клубынан испаниялық Хуан Хосе Безарес Аляркон кірді. Осындай белді ойыншылармен толықтырылған "Ақтөбе" әзірше турнир кестесінде бірінші орында келе жатыр.

Сонымен, "Ақтөбе" өткізген биылғы біріншіліктің алғашқы үш матчына тоқталайық. "Ақтөбе" чемпионатты өз алаңында, көрермендерінің алдында бастады. Алғашқы қарсыластары - "Атырау". Он екінші ойыншы ретінде "Ақтөбе" жанкүйерлері сүйікті командасына үлкен қолдау көрсетті. Әр жанкүйердің көзінен футболға деген сағыныш көрініп, сөзінен өз командасына ыстық лебіз есіп тұрды. Бұл матчта ақтөбелік жас өрен С.Лисинков пен тәжірибелі М.Хайруллин мергендігімен танылып, көрермендер көзайымына айналды. Есеп - 2:0. Екінші турда "Ертіске" қонаққа барған ақтөбеліктердің тағы да айдарынан жел есті. "Ертісті" 2:3 есебімен тізе бүктірген вице-чемпиондардың сапынан тағы да С.Лисинков пен М.Хайруллин дәлдік танытты. Бұл жолы қарсыластар қақпасына екі доп соққан Марат бомбардирлер көшін бастады. Ал үшінші турда "Ақтөбе" өз алаңында ел чемпиондары "Тобылды" қабылдады. Қазақ "Ель-Классикосы" көптің күткеніндей жоғары деңгейде өтті. Бірінші таймда екі жақ та алма кезек шабуылдаумен болды, бірақ есеп ашылмады. Екінші таймда бірінші боп "Тобыл" ойыншылары есеп ашты. Жеңілістің ауылы жақындаганын сезген "Ақтөбенің" бас бапкері В.Мұқанов лезде артқы жартылай қорғаушы Ю.Логвиненконың орнына шабуылшы Малик Манені шығарды. Өзінің Қазақстан біріншілігінін дебютінде Малик екі гол соғып, "Ақтөбені" алға шығарды. Қорытынды есеп - 2:1.

Наурыздың 31-де "Ақтөбе" теміржолшыларға "Локомативке" қонаққа барады. Бұл ойынға дейін ақтөбеліктер екі достастық матчын өткізіп, күштерін бақылап, Ресейдің екінші дивизионындағы командалармен күш сынасып қайтты. Алдымен Мәскеудің "Спортакадемклубымен" ойнап, 0:6 есебімен айқын жеңіске жетті. Бұл матчта "Ақтөбенің" жаңа ойыншысы сенегалдық Малик Мане хет-трик, М.Хайруллин дубль жасаса , М.Семенов бір доп соқты. Кейін "Знамя-Труда" командасын 1:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл жолы екі голды да Малик Мане өз қанжығасына байлады.

Биылғы біріншілікке "Ақтөбе" тас түйін дайындалып, чемпиондық атаққа ие болуды көздеп отыр. Және Европа лигасында топтық этапқа жетуді мақсат етіп отырған ақтөбеліктерге сәттілік тілейміз!

Есет Төлеш

Ақтөбе

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров