Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» - «Тұран» матчы кейінге шегерілді

22.05.2022, 01:50
«Түркістан Аренада» шаңды дауыл көтерілгендіктен, ойын өткізілмеді.
Жарнама
Жарнама

Бүгін Түркістанда өтуі тиіс болған Премьер-лиганың 12-турындағы «Тұран» пен «Ақтөбе» арасындағы ойын ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді.

Матч елорда уақытымен 21:00-де басталуы керек еді. Алайда Түркістанда, нақтырақ айтсақ, «Түркістан Арена» стадионында шаңды дауыл басталғандықтан, матчтың бас төрешісі Бағдат Абдуллаев пен инспектор Александр Перемитин ойынды өткізбей, кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров