«Ақтөбе» 31 жастағы украиналық шабуылшы Дмитрий Коркишкомен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Коркишко - «Динамо Киевтің» тәрбиеленушісі. Ол «Минск», «Полтава», «Днепр-1», «Гиресунспор» және «Хатайспор» сияқты клубтарда ойнады.
Ойыншының соңғы мәрте «Черноморец» клубы үшін 10 кездесу өткізіп, 3 гол соқты.
«Ақтөбе» 28 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Йоахим Адукор мен 30 жастағы украиналық шабуылшы Виталий Балашовпен келісім-шартқа отырды.
Екі ойыншы да ҚКФЛ ресми сайтындағы «Ақтөбенің» құрамына енді. Балашов 91-ші нөмірмен, Адукор 50-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.
Виталий Балашов бұл маусымды «Шахтер» сапында бастады. «Кеншілер» құрамында бас-аяғы 15 кездесу өткізіп, 2 гол соқты.
Адукор футболдағы мансабын Швецияда бастады. Оның алғашқы клубы жергілікті «Гефле» командасы болды. Кейінірек ойыншы португалиялық «Трофенсе» клубына ауысты. Одан бөлек, жартылай қорғаушы «Безиерс», «ОФИ Крит» және «Дьошдьор», «Сараево» командаларында доп тепті.
Біздің серіктес: FONBET