"Ақтөбе" футбол клубы Юрий Перцух, Еркебұлан Нұрғалиев және Дидар Жалмұқанмен келісімшартқа отырғанын жариялады.
Перцух мансабын 2014 жылы алматылық ЦСКА клубында бастады, сол жылы оны "Бәйтерек" клубы жалға алды. 2016 жылы "Қызыл-Жар СК" клубымен келісімшартқа отырды.
2017 жылдың басында ол "Ақжайыққа" ауысып келді. 2018 жылы "Астана" клубының ойыншысы атанды. Дәл осы жылы Перцух Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасады.
Дидар Жалмұқан - "Ақтөбе" футбол клубының түлегі. Ол бұған дейін "Ақтөбе" сапында 60 ойын өткізіп, 11 гол соққан. Шабуылшы сонымен қатар "Астана", "Тобыл", "Атырау" секілді клубтарда доп тепті.
Жалмұқан соңғы екі маусымды "Астана" сапында өткізді. Қазақстан Премьер-лигасының өткен маусымында Дидар 13 матчқа қатысып, 2 гол соқты.
Нұрғалиев 2020 жылғы маусымды қарағандылық "Шахтерде" бастады. Және "кеншілер" сапында 2 матч өткізіп үлгерді. Тамыз айында ол "Каспийге" ауысты, ақтаулық клуб үшін 11 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.
Еркебұлан бұған дейін "Ақжайық", "Оқжетпес", "Алтай", "Ертіс", "Спартак", сондай-ақ болгариялық "Верея" клубында ойнаған. Жалпы ол Қазақстан Премьер-лигасында 105 матч өткізіп, 9 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET